«Қарттар айы». Қарттарға бізде құрмет!

IMG 20181029 WA00031991 жыл 1-ші қазаннан бастап, Халықаралық қарттар күні атап өтілуде, осы күннен бастап Қазақстанда «Қарттар айы» қарттарды қолдау айлығы басталады. Акцияға қатысушылар қатарына коптеген ұйымдар, соның ішінде медициналық  ұйым белсене атсалысады. Бірақ жедел медициналық жәрдем қызметі туралы айтатын болсақ, қарт және егде жастағы адамдар «103» - ке жиі жүгінетін болғандықтан біз оларға жыл бойы күтім жасаймыз. Әрине, зейнеткерлер учаскелік емханаларда қызмет көрсетуіне риза, көптеген дәрі-дәрмектерді тегін алады, кейбірінде тіпті учаскелік дәрігердің, медбикелердің, эндокринолог-дәрігердің ұялы телефондарының нөмірлері бар, бірақ бұл оларды гипертониялық криздерден, жүрек ырғағының бұзылуынан, ұзаққа созылған тұншығу ұстамаларынан және басқа да үрейлі сырқаттардан сақтап қала алмайды.

Жедел жәрдем дәрігерлері оларға шұғыл көмек көрсетеді, ЭКГ бақылау жазады, глюкометрия жүргізеді, айғақтар бойынша – Небулайзерлік терапия және оксигенотерапия, ұсынымдар беріледі, емханаға белсенді жазылымда, қажет болған жағдайда жедел жәрдем бригадасына жазады. Қарт адамдарға әрдайым көңіл бөлінеді. Себебі мейірімді, жақсы қарым-қатынас дәрі-дәрмектерден кем емес пайда әкеледі. Сондай-ақ біз онкологиялық аурулардың терминалдық сатылары бар науқастарды қолдаймыз және олардың өмір сүру сапасын арттырамыз. Біздің науқастар қатарында-соғыс және еңбек ардагерлері, оралмандар, тағдырлары өте қызықты адамдар кездеседі. «Қарттар айы» акциясы аясында №6 қосалқы станция бригадаларының бірнеше емделушісі туралы айтқым келеді. Фотосуреттерде: дәрігер Данияр Асылбеков зейнеткер Владимир Александрович Барановқа көмек көрсетті, оның еңбек өмірбаянында Юрий Гагаринмен, академик Қаныш Сәтпаевпен, Дінмұхамед Қонаевпен кездесулер болған. Ол өзінің ізгі энергетикасымен жастармен бөліседі. Данияр биология ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры, Шоқан Уәлихановтың жалғастырушысы Гүлжанат Жансұлтанқызы Уәлихановамен таныстығын ұмытпайды. №6 қосалқы станция дәрігері Ерболат Тоқтамұратов «Қарттар айы» айлығында ҰОС ардагері Лидия Самуиловна Багаеваға көмек көрсетті.