Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алматы қаласындағы "103" қызметінің жаңа қосалқы станциясының қызметкерлерімен кездесті

05c5c3d1 2012 4674 9412 a9760930cf91Бүгін, Наурызбай ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Тұрарұлы Сейдуманов пен Ольга Васильевна Шишигина Алматы қаласындағы "103" қызметтің жаңа қосалқы станциясына барды.

Конференц-залда олар ұжымға Мемлекет басшысының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ: ТАБЫС ПЕН ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған мақсаттары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесу «Нұр Отан» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Серикбаевич Кумисходжаевтің, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Пралиев Балторе Абдиханулы және қалалық денсаулық сақтау басқармасының «медициналық жедел жәрдем станциясы» бас дәрігері Пазилов Сабит Бексеитовичтің қатысуымен өтті. Кездесу соңында қонақтар үшін қосалқы станцияның ғимараты мен аумағы бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық жедел жәрдем станциясы»

Баспасөз қызметі