Алматы қ. "103" қызметі жалпы қалалық сенбілікке қатысты

3bdd3cab 2d12 47a9 937a 84d916ae1911

20-шы қазанда Алматы қ. «медициналық жедел жәрдем станциясы» қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Әрбір қосалқы станцияда іргелес аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді, көгалдар, тротуарлар қоқыстан және қалған жапырақтардан тазартылды. Сондай-ақ, қызметкерлер кеңселік ғимараттарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке «103» қызметінің: басшылық, әкімшілік, дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер мен техникалық қызметкерлер ұжымы шықты.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

 ШЖҚ МКК «медициналық жедел жәрдем станциясы»

Баспасөз қызметі