Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясында» «Ең үздік фельдшер» атағына іріктеу конкурсы өтті

28 04 2018

Алматы қ. «103» Қызметінде бас дәрігер Сабит Бексеитович Пазиловтың төрағалығымен «Халықаралық медициналық бикелер Күніне» орайластырылған қосалқы станция фельдшерлері арасында «Ең үздік фельдшер» атағына іріктеу конкурсы өтті. Конкурсқа қосалқы станциялардың 20 қызметкері қатысты, олар комиссияға өздерінің теориялық білімдері мен алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Конкурстың бірінші кезеңі тест түрінде өтті, әрбір қатысушы сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, екінші кезеңде комиссия мүшелерімен сұхбаттасты, ал конкурстың үшінші кезеңінде фельдшерлер жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудегі өздерінің ептіліктерін көрсетті.

Іріктеу конкурсының нәтижесі бойынша комиссия құрамы Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасына «Халықаралық медициналық бикелер күніне» арналған қалалық конкурсқа қатысу үшін «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» тоғыз фельдшерін жіберу туралы шешім қабылдады:

  1. Берикбол Дуйсенович Сыргабаев – №1 қосалқы станция
  2. Ботакоз Алпысбайқызы Кемелбекова – №2 қосалқы станция
  3. Кундыз Кайратовна Канапьянова – №2 қосалқы станция
  4. Дарига Адильевна Канетова – №3 қосалқы станция
  5. Талгат Даулетович Жансеркеев – №4 қосалқы станция (филиал)
  6. Оксана Валерьевна Шефер – №5 қосалқы станция
  7. Талгат Нурланович Сейсенбаев – №6 қосалқы станция
  8. Айгуль Якубовна Чоланова – №6 қосалқы станция
  9. Бибинур Абдухалиловна Гулиева – №6 қосалқы станция.

          Іс-шара соңында салтанатты түрде барлық қатысқандарға конкурсқа қатысқандары және «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» дамуына жеке үлес қосқандары үшін алғыс хаттар ұсынылды.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі