«Медициналық жедел жәрдем Станциясының» қызметкерлері көктем мерекесін атап өтті

IMG 1053Алматы қ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» «Наурыз мейрамы» көктем мерекесін атап өтті. Мерекелік концерттік бағдарлама қызмет ұжымының өзімен дайындалды. Вокалдық және аспапты шығармалар орындалды, би нөмірлері көрсетілді. Мереке барысында қызметкерлер «Тұсау кесер» және «Беташар» қазақ салттарын көрсетті, сондай-ақ ұлттық ойындар өткізді. Мерекенің басты асы, әрине, ұлттық тағам Наурыз көже болды.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі