«Көктем-2018» Республикалық топтық-штабтық оқу

06 03 201805 және 06 наурызда Алматыда ҚР ІІМ ТЖК ұйымдастырылған «Көктем-2018» Республикалық топтық-штабтық оқу (РТШО) өтті. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» қызметкерлері Алматы қ. ТЖД бөлімшелерімен және азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірге қатысты.

Оқудың бірінші күні қойылған тапсырмаларды тәжірибелі түрде орындау үшін кіріспе нұсқаулықтар берілген басқару органдарын, азаматтық қорғаныс қызметтері мен Алматы қаласының апат-құтқару қалыптастыруларын дайындыққа келтіруден басталды.

РТШО екінші күні тәжірибелік іс-әрекеттерді орындауға бағытталды. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Медеу ауданының аймағында Тиксай өзені арнасының бойында өтті. Осы жерде ауыр инженерлік техника көмегімен түпті тереңдету жұмыстары мен жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді.

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі