«103» қызметінің №8 қосалқы станция қызметкерлері алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсету бойынша мектер оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді

14 02 2018

Алматы қаласының мектеп оқушылары үшін кезекті интерактивті сабақ Қалалық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында өтті.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» №8 қосалқы станцияның желілік бригада дәрігері Асылжан Жантелов балалар,а алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсету туралы айтып берді. Дайындалған таныстырылымда түрлі тқтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетудің, зардап шеккеннің жағдайын қалайша тез және дұрыс бағалаудың, жарақат ауырлығын анықтаудың, зардап шеккенді тасымалдауға қалай дайындаудың толық сипаттамасымен слайдтар ұсынылды. Сабақ барысында жаралардың негізгі клиникалық белгілері, жаралану кезінде шұғыл көмек қағидаттары қарастырылды. Балалар сонымен қатар түрлі қансырауларды қалай тоқтату және аса тоңазыту кезінде қандай көмек көрсету керек екенін білді.

Орталық мәліметтері бойынша интерактивті сабақ барысында қаланың 65 мектебі қосылды. 

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК Баспасөз қызметі