«Шоқыну мерекесі» қарсаңында Алматы қ. ТЖД брифинг өтті

Алматы қ. ТЖ жөніндегі Департаментте 18 қаңтарда христиандардың «Шоқыну мерекесін» өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары бойынша брифинг өтті. Жыл сайын, православиелік христиандар және барлық тілек білдірушілер түнде және күндіз дәрет алады. Мерекені қауіпсіз өткізу үшін ҚР ІІМ ТЖК аймақтық органдары, Алматы қ. ІІД, Алматы қ. Құтқару қызметі және Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» бригадалары қызметкерлерінің кезекшіліктері ұйымдастырылды.

 

«103» Қызметінің АҚ және ТЖ жөніндегі бас дәрігер орынбасары Павел Бурда тілек білдірушілерді мастық күйде дәрет алу рәсімін жасамауға, салқын суда ұзақ уақыт болмауға, созылмалы аурулары бар адамдарға абай болуға шақырды, себебі салқын суда болу ағза үшін күйзеліс болып табылады, сондай-ақ сіңір тартылуына алып келуі мүмкін. Ата-аналар балаларға аса назар аудару және әлсіздену жағдайында «103» бригадаларынан медициналық көмек сұрау керек.

 

Биыл жергілікті атқарушы органм, Алматылық махалла және Алматы қ. ТЖ жөніндегі Департамент көпшілік шомылужың 10 орнын белгіледі, ол жерде купель орнатылады:

  1. «Әулие Николай соборы», Байтұрсынов көшесі, 56/2.
  2. «Астаналық және Алматылық махалланың Успения ғибадатханасының» махалласы, Первомай а., Центральная көшесі, 86.
  3. «Астаналық және Алматылық махалланың қасиетті азап шегуші Параскева» ғибадатханасының махалласы, Жансүгіров көшесі, 500В.
  4. «Богоявленский ғибадатханасы», Садовников көшесі, 196, Сайран көлі.
  5. «Алматы қ. құтқарушы Христос ғибадатханасының махалласы», Райымбек даңғылы, 493.
  6. «Алматы қ. Крестовоздвиженский ғибадатханасы», Қарасу ықшамауданы, Высоковольтная көшесі, 37 б.
  7. «Ивер-Серафим әйлдер монастырі»ғ Л.Хамиди көшесі, 30.
  8. «Благовещенский ғибадатханасының махалласы», Алатау ықшамауданы, Ибрагимов көшесі, 13.
  9. «Құдай ана шіркеуінің рождестволық ғибадатханасы», Ақжар ықшамауданы, Егінсу көшесі, 1 Б.
  10. «Петр және Павел ғибадатханасы», Алатау ықшамауданы, әуелсіздік көшесі, 14.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі