Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясында» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті. №3 қосалқы станция меңгерушісі А.И.Аменов және №8 қосалқы станцияның аға дәрігері М.А.Мусабаева сөз сөйлеуінде қазақстандықтар үшін басты мерекелері бірінің маңыздылығы, біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алу тарихы туралы айтып берді.

Іс-шара соңында салтанатты жағдайда қызметкерлердің марапатталуы болды. Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Мусиновтан алғыс хатты Ақпараттық-оперативтік диспетчерлік бөлімнің аға дәрігері Л.О.Алтынбекова алды. ҚР жедел медициналық жәрдем Ассоциациясынан төсбелгімен №2 қосалқы станция меңгерушісі О.А.Сариев және бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А.Ю.Лазарев марапатталды. Қызметкерлерге «Медик» кәсіподағы мен «103» Қызметінің жетекшілігінен грамоталар берілді.