Алматыда «Қыс-2017» РТШО аясында ТЭЦ-1 объектісінде тактикалық-арнайы оқу өтті

«Қыс-2017» Республикалық топтық-штабтық оқу аясында, 10 қарашада, екінші күні Алматы қаласы ТЖ жөніндегі Департамент Алматы қаласын 45% электр энергиясымен, сондай-ақ 30% жылу энергиясымен қамтамасыз ететін Жетісу ауданының ТЭЦ-1 тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде тактикалық-арнайы оқу өткізді.

Газ құбырында апат кезінде резервтегі қазанды қосу, апат-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зардап шеккендері құтқару, сондай-ақ өздігінен көмірдің жанып кетуін жою бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындаумен төрт оқу бойынша ТЭЦ-1-де негізгі оқу өтті.

«103» Қызметінің қызметкерлері қала қызметтерінің құрамында тәжірибелік оқуға қатысты. Шартты оқиға орнында мүмкін зардап шеккендерге алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін «103» бригадалары оларды одан әрі медициналық көмек көрсету үшін қаланың стационарларына жеткізді.

Оқудың негізгі мақсаты – қыс мезгілінде ТЖ жоюға Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі мен тұрғындардың қалалық қосалқы жүйесінің дайындық деңгейін көтеру болып табылады.        

Қаланың барлық аудандарында ыстық және салқын су магистральді құбыр желісі жарылған кезде, электр беріліс жолының сымдары үзілгенде апат-қалпына келтіру жұмыстарын орындаумен іс-шаралар жүргізілді, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің қазандықтарында түрлі апаттардың элементтері орындалды.

Азаматтық орғаныс қызметі қыс мезгілінде төтенше жағдайларға дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Оқу мақсаттары мен тапсырмалары орындалды.