Республикалық топтық-штабтық оқу «Қыс-2017»

2017 жылғы 09 және 10 қаращада Қазақстанның барлық аймақтарында «Қыс-2017» Республикалық топтық-штабтық оқу өтті. Оқу тақырыбы: «Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің күштері мен басқару органдарын қыс маусымы жағдайларында төтенше жағдайларды алдын алу және салдарын жою кезіндегі іс-әрекеттерге дайындау»

Бірінші күні Алматы қ. ТЖД Ситуациялық залындамүмкін төтенше жағдайларды алдын алу және салдарларын жоюға бағытталған мәселелерді орындау үшін қаланың барлық қызметтерінің өкілдері жиналды. Дайындық қыс мезгілінде туындауы мүмкін әрбір қызмет үшін қойылған тапсырмаларды шешуді қарастырды.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» өкілі басқа ұйымдардың өкілдерімен бірге штаб жұмысына қатысты. Бүгін, «103» Қызметінің қызметкерлері барлық қосалқы станцияларда «Тоңазату, үсу кезінде ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсету. Қыс мезгілінде көп жарақат алу кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету ерекшеліктері» тақырыбы бойынша сабақтар өткізіп жатыр. Барлық бригадалардың қыс мезгіліне дайындығы, қызмет ішінде, сондай-ақ қала стационарларымен өзара әрекеттесу алгоритмі тексеріледі. Тоңазату кезінде мүмкін зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетуді іс жүзінде орындады.

Екінші күні, 10 қарашада Алматыда тәжірибелік оқу жүргізіледі.