Алматы қаласының «103» Қызметінің фельдшерлері Республикалық жоғары медициналық колледжде оқудан өтті

Алматы қ. «103» Қызметі қосалқы станцияларының 26 фельдшері біліктілікті арттыру үшін «Республикалық жоғары медициналық колледж» ЖШС-да оқудан өтті. «Шұғыл медициналық көмек (BLS)» бойынша сабақтар барысында олар теорияны оқып, науқастар мен зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуде өздерінің дағдыларын тәжірибелік тұрғыдан орындады. Қорытынды емтихандарда фельдшерлер алған білімдерді тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету сапасының деңгейін арттыру үшін күнделікті жұмыста қолданатынын растады. Байқаушылар ретінде емтиханға «103» Қызметінің әкімшілігі мен №2 және №6 қосалқы станция меңгерушілері қатысты. Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» фельдшерлері колледж басшылығынан сертификаттар алды.