Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК-ға Алматы қаласы ҚДСБ «Алтын жылдар» мүгедектер мен қарттарға арналған пансионатынан Алғыс хат жолданды.

Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК-ға Алматы қаласы ҚДСБ «Алтын жылдар» мүгедектер мен қарттарға арналған пансионатынан Алғыс хат жолданды. Пансионат басшысы Қабдолдина Камила Қасымовна мен Турусбекова Сағат Дәулетханқызы атынан № 12 қосалқы станциясының меңгерушісі Кульбаев Жомарт Жамалович, дәрігер Нургожаева Ажар Муратовна мен фельдшер Қатранов Жасұлан Мұратұлына шынайы алғыстарын білдіреді олардың кәсібилігін, пансионат пациенттеріне деген мейірімділігін атап өтті. «Біздің егде жастағы пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде сіздердің жұмысшыларыңыз бірнеше рет олардың өмірін сақтап қалды. Бір күні жолда ауруханаға жатқызу кезінде 75 жастағы қарт науқасты үш рет реанимациядан өткізген. 103-ке жүгінген кезде кез келген уақытта өздерінің мейірімділігі мен кәсібилігін көрсетеді»- пансионаттың жетекшісі С.Д. Турысбекова.
    Өз кезегінде Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» ШЖҚ МКК директоры Арман Серікбайұлы Тойбеков Алматы қаласы  ҚДСБ «Алтын жылдар» қарттар мен мүгедектерге арналған пансионатының басшылығына № 12 қосалқы станциясының жұмысшыларына оң баға бергені үшін ризашылығын білдіреді. «Егде жастағы пациенттер мен пансионат жұмысшыларына мықты денсаулық және ұзақ өмір тілеймін, сондай-ақ, № 12 қосалқы станциясының меңгерушісі Ж.Ж.Кульбаевқа, аға дәрігері А.М.Нургғожаеваға және фельдшері Ж.М.Катрановқа зор алғысымды білдіремін, жұмысшыларымызға жұмыста табыс тілеймін және әрқашан өз ісінің кәсіпқойлары болып қала берсін!»- деді А.С.Тойбеков.