Ардагерлерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.41

30 жылдық мерейтой аясында республика бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған бұқаралық шаралар өтуде. Ал мұндай дәстүр Қазақстанның көрнекті азаматтары – мәдениет, өнер, спорт, саясат қайраткерлері мен ардагерлерді марапаттау үшін қалыптасқан. Ал біздің Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Медициналық жедел жәрдем қызметінде» Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қатысы бар екі құрметті ардагер Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен кезекті кездесуде директор Арман Серикбаевич Тойбеков құттықтау сөз сөйлеп, барша МЖЖҚ-дегі әріптестерін және ардагерлерді құттықтады.

Ардагерлерге «Senim» кәсіподағының атынан мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарды Айгерим Ерболовна Абилдаева дайындады. Батырларымыз №12 қосалқы станцияның жүргізушілері Ерали Нусипкожаевич Мамбетбаев пен Мурат Косдаулетович Малаев, Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалыс мүшелері. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ерали Мамбетбаев пен Мурат Малаев Алматы қаласы «МЖЖҚ» директоры Арман Серикбаевич Тойбековті, ҚҚ бөлімінің басшысы Еркин Бейсембаевич Умбетовті, ТЖБ-ның бастығы Сунгат Алиханович Абиткожаевты және «Senim» кәсіподақ ұйымының төрағасы Абилдаева Айгерим Ерболовнаны құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мереке жыл сайын бәрімізге шабыт, болашағымызға деген сенім қосса дейміз. Отбасыларыңызға тыныштық пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен береке тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 1

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 2

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 3

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 4

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 5

WhatsApp Image 2023 12 15 at 19.36.42 6