103+102=СОТ...

103 102 СУД

2023 жылы 12 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ "Медициналық жедел жәрдем қызметінің" бригадасы анафилактикалық шокпен науқасқа шақыруға шығып, сол жерде пациентті қарау кезінде медициналық қызметкерлерге А. пациенттің туысы тарапынан ауызша қорлау мен қысым жасалды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, Медициналық жедел жәрдем бригадасының фелдшеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға үш тәулік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Осы жерде айта кететін жайт, бұл Соттың мұндай шешім шығарған бірінші әкімшілік ісі емес!