Марапаттау

Награждение1 1

Алматы қ. ДСБ "Медициналық жедел жәрдем қызметі" ШЖҚ КМК директоры А. С. Тойбековтың атына "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А. Б. Сатылғановтан Алғыс хат келіп түсті, онда ол "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы астанасында өткізілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының Үздігі" Республикалық патриоттық конкурстың жеңімпазы МЖЖҚ 10-қосалқы станциясының дәрігері Нүсіпов Нұркен Бекболатұлы болды және конкурсқа белсенді қатысқаны үшін МЖЖҚ қызметкеріне алғыс білдірді. Бұл жағымды жаңалықпен, Нұркен Нүсіпов әріптестерімен апта сайынғы өткізілетін кеңесте бөлісті, онда ЖМҚК директоры "Senim" кәсіподағымен бірлесе отырып, Нұркен Нүсіповке төс медалін, сондай-ақ "Жаңа Қазақстан" РҚБ директоры және "Bilim-orkenieti" ҰҒЗИ директоры қол қойған диплом табыс етілді.
МЖЖҚ ұжымы Нұркен Нүсіповты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, жұмыста табыс және медициналық персоналдың жас құрамы үшін әрқашан үлгі болуын тіледі!

Сондай ақ жиналыста барлық ұжым атынан екі мерейтой иесін құттықтады:
№ 3 қосалқы станция жүргізушісі–Мәсімов Тахир Әбдірахманұлы 50 жас мерейтойымен және № 11 қосалқы станция фельдшері - Ахметова Гүлзанат Әбілханқызын 60 жас мерейтойымен құттықтады.
Сіздердің отбасыңызға ашық аспан , зор денсаулық және мол бақыт тілейміз!

 

 

20230926 150509

20230926 150553

WhatsApp Image 2023 09 27 at 14.42.44

WhatsApp Image 2023 09 27 at 14.42.45