1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды

370462543_794100612715674_5113584501327583811_n.jpg

1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды. Елдің басты құжатында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілген, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.
Алматы қ. ҚДБ "Медициналық жедел жәрдем қызметі" еліміздің Конституциясы күні қарсаңында құрметті қазақстандықтарды құттықтайды және бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық, табыс және ең бастысы мықты денсаулық тілейді!