De iustitia triumphare - әділдіктің салтанат құруы

De iustitia triumphare - әділдіктің салтанат құруы
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 12 оқиғасы тіркелді. Ал олардың екеуі бойынша ғана Алматы қ. әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулылары шықты. Бірақ, егер бірінші жағдайда құқық бұзушы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ал екінші жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабы және 73-1-бабы қолданылып, олардың негізінде Сотпен құқық бұзушыны әрбір бап бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылар шығарды.
Айтпақшы, құқық бұзушы жедел жәрдем қызметкерлері тарапынан дене жарақатын алу туралы қарсы өтінішпен жүгінген, алайда Сот осы материал бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дәлелденбегендіктен, іс жүргізуді тоқтатты.
288810624_1223005615120511_8733171127552921199_n.jpg