103 дабыл қағады…

103 дабыл қағады…
Медициналық жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуылдың тағы бір оқиғасы Алматы қ-сында ағымдағы жылғы 28 сәуірде болды.
103 нөміріне сағат 17.00-де қоңырау түсті. Шақыруға келген фельдшер регламент бойынша барлық қажетті емшараларды жүргізді, пациент мұқият тексерілді, жағдайы қанағаттанарлық болды. Пациенттің туыстары ауруханаға жатқызуды талап етсе, үш адам бірден жедел жәрдем көлігінде науқаспен бірге баруды көздеген. Фельдшердің ҚР ДСМ 30.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығының 22-тармағына сәйкес, пациентті стационарға жеткізу кезінде, санитарлық автокөлікте онымен (бір адамнан артық емес) бірге жүруге рұқсат етілгені туралы уәждері отбасының қатты реакциясын тудырды. Фельдшерге ұятсыз сөздер, қарғыс, жұмыстан шығартамын деп қорқыту жауды. Сөздік қоры таусылғанда, жұдырықта жұмсалды.
Нәтижесінде: өндірістік жарақат және уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақ. Полицияға өтініш түсті. Полициямен әкімшілік хаттама толтырылды, материалдар сотқа қарауға жіберілді.
Соттың істі қарау нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз.280567886_1198935684194171_1887779106235067440_n.jpg