АЛМАТЫ қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының " жедел медициналық жәрдем қызметіне "ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,"НҰР ОТАН" фракциясының мүшелері келді

2022 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының "жедел медициналық жәрдем қызметіне" ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" фракциясының мүшелері Б. Н. Торғаев, А. С. Платонов келді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының

Депутаттар жедел жәрдем бригадаларына шақыруларды қабылдау және беру жүзеге асырылатын ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімнің жұмысымен, сондай-ақ 6-шы қосалқы станцияның қызметімен егжей-тегжейлі танысты.

Қызмет ұжымымен кездесуде базалық мөлшерлемені көтеру және жалақыны есептеу кезіндегі тарифтердің өзгеруі, әйел-дәрігерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуге қатысты проблемалық мәселелер тыңдалып, талқыланды.

Тұтастай алғанда ұйымның перспективалық дамуының өзекті мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Мәжілісмендер осындай әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешуде кешенді тәсіл қолдану қажеттігі туралы түсініктеме берді.

Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалына аталған мәселелерді партиялық бақылауда ұстау, сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметінің қызметкерлеріне ақпараттық қолдау көрсету тапсырылды.

cba37b7f-cb9c-45ac-aa7a-69a47d226eed.jpgf443ec8c-232d-480a-a6e2-4db9c9b89f8e.jpg3e6ede30-3b77-4655-8001-7b5343e9b15c.jpg76b42850-8f3f-4902-8159-a40b344a301b.jpg579d2468-aa5f-4a0b-8958-88a5a620ed37.jpg