Коллектив ССМП выражает соболезнование семье Олега Алишева

19 08 2020

Медициналық жедел жәрдем қызметі «Каменское плато» Фтизиопульмонология оңалту орталығының директоры, біздің әріптесіміз реаниматолог, анестезиолог Алишев Олег Кажмуханұлының 46 жасында қайтыс болғанын өкінішпен хабарлауға мәжбүр. Олег Кажмуханұлы талантты дәрігер және өз ісінің маманы болды. Медицина саласы үшін бұл орны толмас қайғы.

2016-2017 жылдары Олег Кажмуханұлы Алматы қаласы Медициналық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері қызметін атқарды. Алматы қаласы Денсаулық басқармасында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы болып, Алматы қаласының басқа да медициналық ұйымдарында қызмет атқарған.

Алишев Олег Кажмуханұлы өз ісін беріле атқарып, адамдарға қызмет етуде шексіз адалдық танытты. Қаншама науқасты емдеп және аяқтан тұрғызған жанның өмірден озғанын мойындау біз үшін өте ауыр. Олег Кажмуханұлының отбасына, оның туған -туыстарына көңіл айтамыз және қайғыларыңызға ортақпыз.