Мастер-класс «Шұғыл жағдайлардағы алғашқы көмек»

02 03 2020 1Алматы қаласындағы ДСБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК базасында ҚазҰМУ КЕАҚ жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек кафедрасымен бірге С.Д. Асфендияров «Шұғыл жағдайларда алғашқы көмек»тақырыбында мастер –класс өткізді.

Мастер-класс мақсаты косметолог тәжірибесіндегі шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің тиімділігін арттыру.

Модераторлар: ПМХЗ кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор Г.Д.Ахметова, ШЖҚ «МЖЖҚ» КМК директорының міндетін атқарушы Аменов А.И., м.ғ.д., профессор Мусаев А.Т.,ШЖҚ «МЖЖҚ» КМК менеджмент және сапа менеджменті қызметінің басшысы А.А.Ложкин.

Жаттықтырушы: м. ғ. к. доцент Альмухамбетов М. К.,м. ғ. к. профессор Альмухамбетова Э. Ф. , м. ғ. м. ассистент Балқанай Г. Б.

Мастер-класс жұмысына барлығы 49 адам қатысты, оның ішінде медициналық ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарлары-5, медициналық жедел жәрдем қызметкерлері-4, косметологиялық клиникалардың дәрігерлері, косметологиялық клиникалардың орта медицина қызметкерлері, косметологиялық клиникалардың қызметкерлері-40.

Қатысушылар манекендер мен муляждарда тәжірибелік дағдыларды көрсетті және пысықтады. Соңындасертификаттартабысетілді.

02 03 2020 2

02 03 2020 3