Алматы қ. «103» Қызметінің №5 қосалқы станция дәрігері Энцефалит. Кене шаққан кездегі нұсқаулықтар тақырыбына интерактивті сабақ өткізді

 

18 04 2018

Энцефалит не екені және кене шаққан кезде не істеу керек екені туралы «103» Қызметінің №5 қосалқы станция дәрігері Назерке Абишева мектеп оқушыларына интерактивті сабақ барысында айтып берді.

Жылдың жылы мезгілі басталуымен жәндіктердің өмірі жандандырылды. Және де, бәріне мәлім, түрлі инфекциялардың таратушысы кене болып табылады. Алғашқы белсенді кенелер сәуір айының басында, күн жыли бастағанда және қары еріп, ашылған ойдым жерлер қалыптасқанда пайда болады.

Кенелердің саны тез өседі және өздерінің максималды санына мамыр айының ортасында жетеді. Жоғары белсенділік маусым айының соңына дейін байқалады. Содан кейін кенет басылады, бұл резервті қоректенуі аяқталатын кенелердің өлуімен түсіндіріледі. Өте жиі қала сыртына серуендеп шығатын адам кенелермен және соның салдарынан олар тасымалдайтын аурулармен кездесуі мүмкін.

Қалалық жаңа ақпараттық технологиялыр орталығы негізінде кезектегі интерактивті сабақты өткізу барысында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» дәрігері мектеп оқушыларына энцефалит, кенелердің түрлері және шағудан кейінгі мүмкін салдарлар туралы толығырақ айтып берді, нұсқаулар берді. Слайдты сүйемелдеуде көрнекі мысалдар келтірілді, сондай-ақ кене шаққан кезде қандай медициналық мекемелерге бару керек екені туралы ақпарат берілді. «Екпе жасағаныңызға немесе жасамағаныңызға қарамастар міндетті түрде жақын орналасқан медициналық мекемеге бару керек. Және де ертерек жолығуыңызға байланысты кене шағуының ауыр салдарына шалдықпау мүмкіншілігіңіз көбейеді» - деп «103» Қызметінің қызметкері нұсқау берді.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі