Алматыда көпшілік велосипед жарыстарының тоғызыншы маусымы басталды

IMG 4442«Спорттық Алматы» қалалық бағдарлама аясында 15 сәуірде көпшілік велосипед жарыстарының тоғызыншы маусымы басталды. Іс-шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылар әл-фараби даңғылы бойынша «Нұрлы Тау» БО-нан Тұңғыш Президент саябағына дейін жалпы 9 км жүріп өтті. Биыл, бұл жоспарланған 21 велосипед жарыстарының біріншісі.

Велосипед жарыстарының медициналық сүйемелдеуі Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясымен» ұйымдастырылды.

Велосипед спортын ұнатушыларды «велодәрігерлер» сүйемелдеді, олар бір уақытта жарысқа қатысып, қажет болғанда жолданым жасағандарға көмек көрсете алатын. Әрбір дәрігер велосипедтен басқа алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтары мен дәрі-дәрмектері бар арнайы рюкзакпен жабдықталған болатын, сондай-ақ оларда басқа қатысушылардан айыратын «103» қызметкерінің арнайы киім үлігісі болды. Велосипед жарысы барысында жолданымдар тіркелген жоқ.

Мәреде барлық қатысушыларды 20 велосипед және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға ойын күтті, сондай-ақ тәжірибелі фитнесс-нұсқаушыларының қатысуымен «Almaty Street Fitness» бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі