Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеу аясында Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем Станциясы Астана алаңында техника көрсетуге қатысты

05 03 2018

Алматы қ. ТЖ жөніндегі Департамент 04 наурызда Астана алаңында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында техника көрсетуді ұйымдастырды. Алматы қ. медициналық жедел жәрдем Станциясы да шараға қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «103» Қызметінен реанимобиль мен жылжымалы медициналық госпиталь көрсетілді.

ТЖ жөніндегі Департамент азаматтық қорғаныс органдары ТЖ салдарын жойған кезде қолданатын қазіргі заман өрт сөндіру және арнайы техникасын көрсетті. Ірі мегаполистің автокөлік кептелістері жағдайында ТЖға оперативті әрекет ету үшін тағайындалған Қазақстандағы жалғыз тез әрекет ететін өрт сөндіру-құтқару мотоциклетті экипажы көрсетілді. Әрбір тілек білдірушінің адамдарды 90 метр биіктікте құтқару үшін тағайындалған Қазақстандағы ең биік бүгілмелі көтергіш люлькасына көтерілу мүмкіншілігі болды.

Жайылған шатырлы қалашықта Алматы қ. ТЖД қызметкерлері «Қызыл жарты ай Қоғамының» өкілдерімен бірге ойын түрінде түрлі төтенше жағдайда «Аман қалу әліпбиіне» үйретті.  

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі