Алматы қаласының мектеп оқушалыры үшін кезекегі интерактивті сабақ Қалалық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында өтті. Сабақты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» №3 қосалқы станция дәрігері Асель Осимбай өткізді. Сабақтың тақырыбы көктайғақ, ЖКА кезінде құлағанда, бас сүйек-ми жарақатын алғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналды. Мүмкін сынықтар, буын созылуы, бас сүйек-ми жарақатының (БМЖ) белгілері қаралды. Мектеп оқушылары «103» бригадасы келгенше жол-көлік апаты кезінде не істеу керек екенін, жүрек-өкпе реанимациясын қалай дұрыс жүргізу керек екенін білді.
Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК
Баспасөз қызметі