Алматы қ. «103» Қызметінің №3 қосалқы станция дәрігері мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді

Алматы қаласының мектеп оқушалыры үшін кезекегі интерактивті сабақ Қалалық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында өтті. Сабақты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» №3 қосалқы станция дәрігері Асель Осимбай өткізді. Сабақтың тақырыбы көктайғақ, ЖКА кезінде құлағанда, бас сүйек-ми жарақатын алғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналды. Мүмкін сынықтар, буын созылуы, бас сүйек-ми жарақатының (БМЖ) белгілері қаралды. Мектеп оқушылары «103» бригадасы келгенше жол-көлік апаты кезінде не істеу керек екенін, жүрек-өкпе реанимациясын қалай дұрыс жүргізу керек екенін білді.

 

 

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі