Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» дәрігерлер тобы Ашдод қаласында (Израиль) халықаралық үлгідегі сертификаттарды алды

ҚР денсаулық сақтау министрінің «ҚР-да жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 Бұйрығын жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «103» Қызметінің тағы да бір дәрігерлер тобын Израильге оқуға жіберді. Ашдод қаласында Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» қызметкерлері каскадты әдіспен өздерінің әріптестерін әрі оқыту құқығымен «PALS, ACLS, BLS шұғыл көмек курсы» халықаралық бағдарлама бойынша оқыды. Магена Давида Адома (МаДа) израильдің ұлттық медицина қызметінің әріптестері Израильдің жедел медициналық жәрдем жұмысымен және Американдық жүрек ассоциациясының ұсыныстарымен таныстырды. PALS, ACLS, BLS халықаралық бағдарлам бойынша курстар мен оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеру мүмкіншілігін берді.

 

Оқу соңында халықаралық үлгідегі сертификаттарды келесі адамдар алды:

 

Маржан Абидиновна Мусабаева аға дәрігер,
Болат Женисович Аубакиров дәрігер,
Акнур Тынысбековна Сейтменбетова аға дәрігер,
Алмагул Жолболдиевна Агатаева сарапшы дәрігер,
Перизат Турсынбековна Алдабергенова дәрігер,
Валерия Владимирович Бессонов дәрігер,
Айбек Ауелович Исмагулов дәрігер,
Куат Мирохабович Тайтелиев аға дәрігер.