«103» Қызметінің №7 қосалқы станция қызметкерлері Алматы қаласының мектеп оқушалыры үшін АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша интерактивті сабақ өткізді

Қалалық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында мектеп оқушылары үшін кезекті интерактивті сабақ өтті. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» №7 қосалқы станция аға дәрігері Елеусиз Манарбек балаларға адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) туралы айтып берді. Балалар оның туындау тарихын, АИТВ қандай жолмен берілетінін, оны қандай диагностика анықтайтынын, қандай ем және алдын алу шараларын жүргізу керек екенін білді. Сабақтың екінші бөлігі ЖРВИ алдын алуға және қыс мезгілінде қауіпті жарақат алу тақырыбына арналды.