Алматы қ. «103» Қызметінің №6 қосалқы станция қызметкерлері АИТВ және ЖИТС туралы не білу керек екенін қала тұрғындарына айтып берді

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» №6 қосалқы станция қызметкерлері қала көшелерінде АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша акция ұйымдастырды және өткізді. Тұрғындарға ақпараттық буклеттер мен үндеухаттар таратылды. Дәрігерлер диагностикадан қай жерде өтуге болатыны, АИТВ қалай берілетіні және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Берілген акция жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТСпен күресу күніне арналған Кампания аясында өткізілді.