Алматы қ. «103» Қызметінің №2 қосалқы станциясында ЖИТСке арналған семинар-тренинг өтті

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясының» №2 қосалқы станция қызметкерлері ЖИТС алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді. Бұл іс-шара жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТСпен күресу күніне арналған Кампания аясында ұйымдастырылды. АИТВ және ЖИТС қалай таралатыны, оны қалай анықтауға болатыны туралы қызметкерлер өздерінің білімдерін семинар барысында бекітті.