Алматы қ. «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» мен стационарлардың қызметкерлерінің Израильдегі оқуы аяқталды

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «103» Қызметінің және стационарлардың қызметкерлеріне Рамбам Клиникасында (Израиль, Хайфа қ.) оқу мүмкіншілігін берді. Он күндік цикл бағдарламасы келесі болды: «Стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің деңгейінде жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаттары. (Emergency department) Диагностикалық палаталарда, қарқынды терапия палатасында жұмыс істеу. Ауруханаға дейінгі кезеңде триаж жүйесі бойынша медициналық сұрыптау. Шұғыл жағдайлар». Хайфа қаласында болғанда, израильдік әріптестер жедел медициналық жәрдем қызметімен таныстырды, стационарлар, емханалар мен «жедел жәрдем» арасында ақпараттық жүйе қалай жұмыс істейтінін айтты және көрсетті. Қаланың ғана емес, сондай-ақ бүкіл мемлекет бойынша медициналық ұйымдар қалай өзара әрекеттесетінін айтты, денсаулық сақтау жүйесімен таныстырды.

Алматы қ. ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МККдан келесі адамдар оқудан өтті: Александр Юрьевич Лазарев бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, Андрей Анатольевич Ложкин дәрігер-сарапшы, Нургуль Закировна Кошкарбаева дәрігер-сарапшы, Гаухар Ермахановна Анламасова №6 қосалқы станцияның аға дәрігері, Николай Георгиевич Ван №5 қосалқы станцияның дәрігер-реаниматологы, Роман Григорьевич Ледовских №8 қосалқы станцияның дәрігер-реаниматологы. Қала стационарларынан: ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК Асылбек Байдосович Абжалелов қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, ШЖҚ «Қалалық жедел және шұғыл көмек көрсету ауруханасы» МКК Алмаз Болатович Джувашев, ШЖҚ «№7 ҚКА» МКК Нургали Бейсембаевич Саганаев қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, ШЖҚ «№1 ҚКА» МКК Уланбек Бактыбаевич Урисбаев қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, ШДҚ «№4 ҚКА» МКК Нурдаулет Кушербаевич Умирбеков қабылдау бөлімшесінің дәрігер травматолог-ортопеды.

Алған білімдерін әріптестерімен бөліседі, ол шұғыл медициналық көмек көрсету кешеніне жақсы әсерін тигізеді.