Қызмет саласы

Жедел медициналық көмекөмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларда, жазатайым оқиғаларда және кенет қатты аурулар кезінде шұғыл медициналық көмектің тұтас жүйесі.
Алматы қаласында Жедел медициналық көмек көрсету қызметі 1926 жылы Орталық қалалық амбулатория жанында құрылды, «жедел жәрдем» штаты 4 медициналық персоналдан, 1 көшірден, 1 ат және  1 арбадан тұрды1928 жылғы 5 ақпанда Жетісу Губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығына сәйкес екі «жедел жәрдем арбасы» бар тұңғыш жедел медициналық көмек көрсететін мекеме - қалалық аурухана жанындағы жедел жәрдем көрсету орны құрылды.
1934 жылы жедел медициналық көмек көрсету отрядының атауы қалалық аурухана жанындағы Жедел медициналық жәрдем станциясы атауына ауыстырылды, кейінірек Станцияға қала тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі де жүктелді.
Жедел медициналық жәрдем станциясы 1937 жылы аумақтық және әкімшілік тұрғыда дербес медициналық мекеме ретінде бөлінді.
1951 жылдан 1974 жылға дейінгі кезеңде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді науқастар мен зардап шеккендерге барынша жақындату мақсатында қаланың түрлі аудандарында 8 қосалқы станция ұйымдастырылдыНауқастар мен зардап шеккендерге сапалы жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты Жедел медициналық жәрдем станциясында мамандандырылған бригадаларды құру 60-жылдардың ортасында басталды. Станцияда 1986 жылға дейін 8 бейіндегі 13 бригададан тұратын мамандандырылған бригадалардың қосалқы станциялары жұмыс істеді. 1988 жылы жедел жәрдем бригадаларының жұмысын қайта ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты мамандандырылған бригадалардың қосалқы станциялары жойылды. 1990 жылдан бастап станцияда мамандандырылған Жедел медициналық жәрдемнің жаңа тәсімі қалыптастырылып, қарқынды терапия бригадалары ашылды. Осы уақытта шұғыл психиатриялық көмек көрсету бөлімінің ұйымдастырылуына байланысты Психикалық сауықтыру орталығына үш психиатриялық бригада берілді.
Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясы медициналық көмектің бұл түрінің әлеуметтік маңыздылығы және көрсетілетін көмек көлемі бойынша маңызы зор, себебі бұл – тұрғындардар тарапынан жоғары сұранысты мемлекеттік медицина ұйымы болып табылады.

Қалалық медициналық жедел жәрдем стациясы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қала тұрғындарына кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін ұйым.
Оның құрамына шақыру орнына бригадалардың тез арада жетуін қамтамасыз ету мақсатында қаланың барлық аудандарында орналасқан 9 қосалқы станциялар кіреді. Реанимациялық, қарқынды терапиялық, педиатриялық, дәрігерлік, фельдшерлік 177 көлік  мен тәжірибелік жұмыс өтілі бар, заманауи медициналық технологиялар мен үздік әдіс-тәсілдерді пайдаланатын жоғары білікті мамандардың үлкен штаты бар бригадалар науқастар мен зардап шеккендерге ауруханаға дейінгі сатыда қазіргі заманға сай диагностика мен көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

ЭКГ жазу және Қалалық кардиология орталығына қашықтықтан жіберу жүйесі енгізілген. Бұл фельдшерлік бригадалар үшін қарқынды терапия бригадаларын шақыру санын азайтуға ықпал етеді.

Бүгінгі күні, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК –  бұл республикадағы тармақталған қосалқы станциялар желісі, заманауи санитариялық автокөліктері мен білікті кадрлары бар ең ірі жедел медициналық көмек көрсету ұйымы болып табылады.

Жедел медициналық жәрдем қалалық денсаулық сақтау саласының маңызды құрылымдық бөлімі болып табылады, ұйымның тиімді жұмысы қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтаудың өткір әлеуметтік мәселелерін нәтижелі шешуге зор ықпалын тигізеді. Жедел медициналық жәрдем төтенше жағдайлар кезінде де барлық өзара әрекет ету қызметтерімен қатар жұмыс істейді.

Жедел жәрдем азаматтардың денсаулығы мен амандығын қорғаудағы әрдайым қолжетімді, сенімді және таптырмайтын қызмет.