Мәзір

Алматыда Мейіргер күніне орай орта буын медицина қызметкерлерінің үздіктері марапатталды

09 июня, 2026
Алматыда Халықаралық мейіргер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған мейіргерлер, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, медициналық ұйымдардың басшылары және бейінді колледждердің оқытушылары қатысты. Бүгінде мейіргер ісінің мамандары пациенттерді емдеу мен күтім жасаудың барлық кезеңінде маңызды рөл атқарады. Олар науқастардың жағдайын тұрақты бақылап, сапалы медициналық көмектің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Іс-шара аясында «Үздік маман» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік фельдшер» номинациясының жеңімпазы болып кәсіби шеберлігімен, жеделдігімен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленген Қабдолданова Самал Маратқызы танылды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары мен Алматы қаласы әкімінің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін Алғыс хаттары табысталды.