Мәзір

Алматы қаласы ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК қызметкерлері AQNIET жобасы аясында халықаралық делегация құрамында ҚХР Үрімші қаласына кәсіби сапармен барды.

18 мая, 2026
Цель — обмен опытом в сфере экстренной медицины и развитие международного сотрудничества. В ходе визита делегация посетила Urumqi Emergency Medical Rescue Center, ознакомилась с работой службы «120», организацией бригад и оснащением реанимобилей. Также состоялись встречи с представителями здравоохранения Урумчи. Особое внимание уделено внедрению цифровых технологий, включая передачу данных пациентов в реальном времени. По итогам визита обсуждены перспективы дальнейшего сотрудничества. Сапардың негізгі мақсаты – шұғыл медицина саласында тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Сапар аясында делегация Үрімші қаласындағы Urumqi Emergency Medical Rescue Center – қаланың жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіретін негізгі мекемеде болды. Қатысушылар «120» диспетчерлік қызметінің жұмысымен, жедел жәрдем бригадаларының қызметін ұйымдастырумен және реанимобильдердің заманауи жабдықталуымен танысты. Сонымен қатар, Үрімші қаласының денсаулық сақтау жүйесінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері, заманауи сын-қатерлер және оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесу барысында цифрлық технологияларды енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жедел медициналық жәрдем бригадалары мен ауруханалар арасында пациенттердің медициналық деректерін нақты уақыт режимінде беру тәжірибесі қарастырылды. Сапар қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу конференциясы өткізіліп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, оның ішінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.